Теміртауда мас адам полиция қызметкерін таспен ұрды - Оқиға|24 Шілде 2012, 17:33
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Теміртауда мас адам полиция қызметкерін таспен ұрды

АСТАНА. 24 шілде. Кеше шамамен сағат 23.00-де «Алматы - Екатеринбор» күре жолында Қарағанды облысының Теміртау қаласынан 2 шақырым жерде Теміртау ІІБ патрульді полиция батальонының қызметкерлері жол ержесін бұзған Қарағанды қаласының 62 жастағы тұрғынын ұстады. Бұл туралы Қарағанды облысы ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлайды.

Араққа сылқия тойған егде жастағы ер адам жолға шығып кетіп, көліктердің қозғалысына бөгет болды. Теміртау қаласы ІІБ Шығыс қосынына келген соң ер адам ІІД патрульді полиция батальоны қызметкерінің басынан таспен ұрып жіберді.

Соның салдарынан полиция старшинасы медициналық мекемеге қаралды, алайда ауруханаға барудан бас тартты.

Қажетті сараптама белгіленді. Ер адам уақытша ұстау абақтысына  қамалды. Оның үстінен ҚР ҚК-нің 321 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тексеру амалдары жүргізілуде.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер