Тау самалы поселкесіндегі өртенген үй орнынан қыруар қару-жарақ табылды - Оқиға|13 Шілде 2012, 09:59
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Тау самалы поселкесіндегі өртенген үй орнынан қыруар қару-жарақ табылды

Астана. 13 шілде. BAQ.KZ – Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты Тау самалы ауылындағы үйдің иелері мен оқиға орнынан табылған қару-жарақтар тізімі жарияланды. Бұл жайында Алматы облыстық ІІД хабарлады. 

Тәртіп сақшыларының айтуынша, Сейфуллин көшесіндегі №98 үй Алматы тұрғыны Людмила Ковальчуктің атына тіркелген. Оның 57 жастағы күйеуі Владимир Ковальчук аталған үйді ағымдағы жылдың 15 наурызында өзін кәсіпкермін деп таныстырған Асқар Камалов есімді азаматқа жалға берген, айына 180 мың теңгеге. Оқиға орнында табылған мәйіттер сол жалға алушы отбасының мүшелеріне тиесілі болуы мүмкін.
«Үй Сейфуллин көшесінің батыс жағында орналаcқан. Кірпіштермен қоршалған. Үйге сұр есігі бар темір қақпа арқылы кіреді. Сонымен қатар, қақпаның оң жағында гаражға кіретін тағы бір темір қақпа бар» делінген ІІД хабарламасында.
Оқиға орнын тексеру барысында үйдің гаражынан мынадай заттар табылған:
АКСУ маркалы пулемет, өртеніп кеткен
«Марголин» маркалы тапанша (спорттық атыс үшін арналған қысқа калибрлі тапанша)
Тапанша қабы – 2 дана
Сақиналы мұрындық
7,5 қап селитра
СГУ – 2 дана
Рация адаптері
Подшипниктер салынған сөмке
Бір жұп кісен
Дүрбі
Полиция фуражкасы – 3 дана
Әскери аяқ киімдер – 3 жұп
Kenwood рациясы – 4 дана
Полицейдің арнайы киімі (жейде, шалбар) – 3 дана
«СОБР» арнайы киімі – 3дана
«СОБР» арнайы жилеті – 3 дана
Жол полиция қызметкерінің шалбары – 3 дана
«СОБР» бетперделері – 2 дана
Полция погондары: аға лейтенант – 1 дана, капитан – 1 дана, аға сержант – 1 дана,
Палатка
Полиция галстугы – 3 дана
Жол полиция қызметкерінің белдігі
ІІМ белгісі бар қаптама
ҰҚК белгісі бар қаптама
ҰҚК шевроны – 3дана
Жол полиция қызметкерінің таяқшасы – 2 дана
Жол полиция қызметкерінің сары жилеті – 3 дана
«ІІМ үздігі» деген төсбелгісі
Екі қапшық сұр түсті ұнтақ тәрізді зат (не екені анықталмаған)
500 теңгелік номиналды орамадағы ақша, орама сыртында «1 197 500» деген жазбасы бар
200 теңгелік номиналды орамадағы ақша, орама сыртында «430 000» деген жазбасы бар
"2000 т - 2 500 000", "5-8", "5-9" деген жазбалары бар екі бос орама
Діни көзқарастағы кітаптар мен дәптерлер
Естеріңізге салайық, 12 шілдеге қараған түні Тау самалы елдімекеніндегі жеке үйде өрт болып, қирандылар астынан адам мәйіттері табылған болатын. Алғашқыда көз жұмғандары саны жетеу деп айтылғанымен, кейінірек олардың саны сегізге жетті. Олардың ішінде төрт бала бар. Болжам бойынша, өрт қолдан жасалған жарылғыш заттың жарылу салдарынан болуы мүмкін. «Терроризмге дайындалу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер