Таразда жасөспірімді өлтіргендер ұсталды  - Оқиға|26 Қыркүйек 2018, 14:43
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Таразда жасөспірімді өлтіргендер ұсталды 

20 қыркүйек күні Таразда 16 жастағы жасөспірім «Қазфосфат» ғимаратының жанында соққыға жығылып, жедел жәрдем келгенге дейін оқиға орнында көз жұмған болатын, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Аталған факті бойынша полиция қызметкерлері сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп, сот-медициналық сараптамалар тағайындалған болатын.

«Жамбыл облысы ІІД полиция қызметкерлері қала орталығында қаза болған жасөспірім өліміне қатысы бар деген күдікпен кәмелетке толмағандарды ұстады. Ағымдағы жылдың 25 қыркүйегі күні полиция қызметкерлерінің жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде 16-17 жастағы кәмелетке толмаған 5 жасөспірім ұсталды.», - деп хабарлады Жамбыл облысы ІІД баспасөз қызметінде.

Баспасөз қызметі берген ақпаратқа сәйкес, көрсетілген азаматтар кәмелет жасына толмағандықтан, олардан заңды өкілдері, психолог мамандар мен адвокаттардың қатысуымен жауап алынған.

«Тергеу барысында анықталғандай, сол күні жәбірленуші достарымен туған күн кешінен шығып, орталық көше бойымен жаяу келе жатып, бір топ бейтаныс балаларды кездестіреді. Қарсы беттегі «Б» есімді жасөспірім туған күн иесінің қолындағы шарын қасақана жарған. Нәтижесінде екі тарап арасында жанжал туындап, күдікті «Б» жәбірленушінің бет жақ тұсынан соққы келтірген. Соққы салдарынан жәбірленуші жедел жәрдем келгенге дейін оқиға орнында көз жұмған», - деп жазылған хабарламада.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 106-бабы 3-бөлімімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. 17 жастағы күдікті өз кінәсін толық мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер