Таразда төбелес кезінде жас жігіт көз жұмды - Оқиға|05 Қыркүйек 2018, 13:15
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Таразда төбелес кезінде жас жігіт көз жұмды

Тараз қаласындағы дәмханалардың бірінде көңіл көтерген жас жігіттер арасында төбелес орын алып, оқиға кезінде 23 жастағы азамат көз жұмды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі Жамбыл облысы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2 қыркүйек күні таңғы 04:30 шамасында Қазыбек би көшесінің бойында орналасқан «Барбарис» дәмханасының жанында жас жігіттер арасында төбелес туындап, соның салдарынан облыс орталығының 23 жастағы тұрғыны көп дене жарақатын алды. Ол есін жимаған күй №1 қалалық ауруханада көз жұмды. Өлімге алып келген алдын ала қойылған диагноз – миға қан кетуі, жабық түрдегі бас сүйек-ми жарақаты», - деп хабарлады баспасөз қызметінде.

ІІД-де мәлімдегендей, ізін суытпай жедел іздестіру шараларының нәтижесінде 21-22 жас аралығындағы тараздық үш азамат қамауға алынды.

«Олар осы қылмысты жасаған күдіктілер ретінде танылуда. Сонымен қатар, әрбір күдіктінің іс-әрекеті анық көрсетілген бейнежазба да бар. Бейнематериал тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына қоса тіркелді», - деді ІІД баспасөз қызметінде.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК 106-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер