Жамбыл облысында аккумуляторлар ұрлығы өршіп тұр, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі Жамбыл облысы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жамбыл облысында аккумуляторлар ұрлығы өршіп тұр, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі Жамбыл облысы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Бүгінгі күні полиция жұмысының жалпы статистикасына кері әсер ететін ұсақ ұрлық санын төмендету бойынша кешенді шаралар қабылданып жатыр. Халық арасында елеусіз құқық бұзушылықтарға нөлдік төзімділікті қалыптастыруға бағытталған көптеген профилактикалық шаралар оң нәтиже беруде», - деп мәлімдеді баспасөз қызметінде.
Ақпаратқа сәйкес, тамыз айының басында көлік аккумуляторларын қолды еткен қылмыскерлер тобы ұсталған.
«Автобөлшектер, соның ішінде аккумуляторлар ұрлығын ерекше атап өту керек. Олар ұрлықтың жалпы көлемінде елеулі үлеске ие. Мысалы, ағымдағы жылдың тамыз айында аккумулятор ұрлығының 21 фактісі тіркелген. Оның ішінде, 18 қылмыс ашылды. Өкінішке қарай, мұндай ұрлықпен күресуге көлік құралдары иелерінің өз автомобильдерін көпқабатты үйдің ауласында қандай да бір күзетсіз қалдыруы қиындатып тұр. Ұрылар осы жағдайды өз пайдаларына қолданып келеді. Алайда, қылмыстың түбі бір ашылары сөзсіз. Мысалы, 23 тамызда Алматы облысының екі тұрғынынан құрылған қылмыстық топ ұсталды. Олар Рысқұлов ауданындағы Құлан аулынан жүк көліктеріндегі 7 аккумуляторды қолды еткен. Сонымен қатар, Тараз қаласының ІІБ КПБ қызметкерлерінің жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында қаладағы тұрғын үйлердің бірінің ауласында тұрған «ВАЗ-2107» автомобилінен аккумулятор ұрлаған 21 жастағы облыс орталығының тұрғыны ұсталды», - деді баспасөз қызметінде.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабының 1-бөлімімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жұргізіліп жатыр. Күдікті өз кінәсін және осы тектес бірнеше ұрлық жасағанын мойындап, ұрлаған аккумуляторларды қаладағы Лермонтов пен Ташкент көшелерінің қиылысындағы металл қабылдайтын орынға сатқанын мәлімдеді.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!