«Таң» саяжай алабындағы арнайы операцияда 13 адамның мәйіті табылған - Оқиға|29 Тамыз 2012, 19:25
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

«Таң» саяжай алабындағы арнайы операцияда 13 адамның мәйіті табылған

АСТАНА. 29 тамыз. BAQ.KZ - «Таң» саяжай алабында көзі жойылған қылмыскерлер Қазақстанның әр аймағында террористік акт ұйымдастырмақ болған. Бұл туралы ҚР Бас Прокуратурасы хабарлайды. Арнайы операция кезінде 13 қылмыскердің көзі жойылған.

Бұған дейін хабарланғандай, 2012 жылғы 11 шілдеде Алматы облысы, Қарасай ауданы, Таусамалы кентінің Сейфуллин көшесіндегі № 98 үйде жарылыс болып, нәтижесінде 9 адам қаза болған еді. Қаза болғандардың төртеуі әйел адам, бесеуі балалар.
Құқық қорғау органдары тексеру кезінде үйден және шаруашылық жайлардан Калашников қол пулеметі, 4 автомат, 2 тапанша, 2 револьвер, «Вепрь» карабині, шолақ мылтық, үлкен көлемдегі оқ-дәрілер, 7,5 қапшық селитра және қолдан жасалатын жарылғыш құрылғының басқа компоненттері, жанғыш сұйық қоспасы бар 5 ыдыс, 4 рация және полицейлік әбзел табылғанын хабарлаған.
Бұл факт бойынша сол күні Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 24 және 233 баптарымен (терроризмге дайындалу) қылмыстық іс қозғалған.
Қылмыстық істі тергеу барысында бұл іске басшы болып жүрген және топтың белсенді мүшелері Таусамалы кентіндегі жарылыстан аман қалғаны және олардың құқық қорғау органдарынан бой тасалап қашып үлгергені анықталған.
Көрсетілген қылмыстық топтың құрамына 13 адам кірген, оның 9-ы бұған дейін ауыр қылмыстары үшін бірнеше рет сотты болған.
Атап айтқанда, топтың есірткіге тәуелді басшысы «Четыре брата» ұйымдасқан қылмыстық тобының құрамында болған және қаруды заңсыз сақтағаны және бопса жасағаны үшін екі рет сотталып, 10 жылдан астам уақыт бас бостандығынан айыру орнында болған.
Діни экстремизм идеологиясына бой ұрған қылмыстық топтың мүшелері өздерінің заңға қайшы әрекеттеріне сылтау тауып, жаңа қылмыстар, соның ішінде Қазақстанның әртүрлі аймақтарында террористік актілер жасауды жоспарлаған.
Өздерінің қылмыстық пиғылдарын іске асыру мақсатында топ мүшелері бой тасалауды қатаң ұстанған, бір-бірімен тек лақап аттарымен тілдескен, тұрғылықты жерлерін үнемі ауыстырып отырған, жалған құжаттарды немесе бөтен адамдардың жоғалған құжаттарын пайдаланған.
Құқық қорғау органдарымен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде аталған ұйымдасқан қылмыстық топтың басшысы мен мүшелері 2012 жылғы 16 тамызда Алматы облысы Қарасай ауданы Үлкен Алматы ауылдық округінің «Таң» саяжай алабы үйлерінің бірінде екендігі анықталды.
Берілу жөніндегі бірнеше қайталанған ұсыныстарға олар қарсылық білдіріп, арнайы бөлімше қызметкерлеріне қарулардан оқ ата бастаған.
Бұл ретте арнайы бөлімшенің бір қызметкері оқ тиіп, жарақат алды.
Осыған байланысты, дереу терроризмге қарсы операция жүргізу жөнінде шешім қабылданды, жақын тұрған үйлердің тұрғындары қауіпсіз жерге жеткізіліп, оқшаулау ұйымдастырылды.
Арнайы операция кезінде қылмыскерлер жасырынған үйде өрт шығып, төбе жабындысының құлауына және үй-жайдың едәуір бөлігінің жануына әкеп соқты.
Бүгінгі күнге оқиға болған жерден 13 адамның өртеніп кеткен мәйіттері табылды.
 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
17 Қаңтар 2019, 16:34
Бозарып тағы таң атты
Пікірлер