BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Сүлейменовтің жиенінің өліміне қатысты сотталған қыз апелляциялық сотқа жүгінді

Астана, BAQ.KZ. Шағымды сотталған Малика Мұхитованың өкілі жолдаған. Бұл туралы астаналық соттың баспасөз қызметі мəлімдеді.

"Сотталушының өкілі бірінші инстанциядағы соттың үкіміне апелляциялық шағым түсірді", - делінген хабарламада.

Естеріңізде болса, Қызылорда облыстық ІІД басшысының 29 жастағы қызы Малика Мұхитова Олжас Сүлейменовтің жиені Ескендір қаза тапқан жол апатына айыпты деп танылып, 2 жылға сотталған болатын.

Мұхитова енді жазасын минимал деңгейдегі қауіпсіздік колониясында өтейді. Олжас Сүлейменовтің жиені Ескендір қаза тапқан жол апаты Астанада 2018 жылдың 22 маусымында Мәңгілік ел мен Керей, Жәнібек хандар даңғылдарының қиылысында болған еді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер