BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Сүлейменовтың немересін қаққан жүргізуші ІІД бастығының қызы болып шықты

Фото: zakon.kz

Астанада 22 маусым күні Олжас Сүлейменовтің немересі Ескендір Сүлейменовті Қызылорда облысы ішкі істер департаменті басшысының қызы қаққан. Бұл туралы Астана ІІД басшысының орынбасары Санжар Әділов мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz сайты Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

«Сотқа дейінгі тергеу басталды. Жүргізуші Мұхитова сол күні оқиға орнында болды. Оның ішімдік ішпегені, есірткі қолданбағаны анықталды. Кінәсін мойындады. Барлық тергеу әрекеттеріне қатысып жүр», — деді Әділов.

ІІД басшысының орынбасары Ескендірді көлігімен қаққан жүргізушінің әкесі құқық қорғау органдарында істейтінін растады.

«Жүргізуші Мұхитованың әкесі біздің қызметкер. Қызылорда облысы ішкі істер департаментінің бастығы Қайрат Болатұлы Мұхитов. Полиция полковнигі», — деп нақтылады ол.

Еске сала кетсек, белгілі ақын, жазушы Олжас Сүлейменовтің немересі 26 жастағы Ескендір Сүлейменов Астанада жол апатынан көз жұмған еді. Жол апаты Мәңгілік ел – Керей Жәнібек хандар көшелерінің қиылысында болған. Жас жігіт мотоцикл жүргізіп келе жатқан.

Марқұмның құрбысы Ескендірді қаққан қыз «қарапайым емес» екенін айтқан болатын. Жас жігіттің туыстары әділ үкімге қол жеткізуді көздеп отыр.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер