Сотталған ВИЧ-жұқтырушы қарауылды «қауып» алды - Оқиға|08 Қаңтар 2013, 15:04
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Сотталған ВИЧ-жұқтырушы қарауылды «қауып» алды


Астана. 8 қаңтар. Baq.kz-Шығыс Қазақстан облысында еңбекпен түзету колониясында ВИЧ-жұқтырған сотталушы қарауылды «қауып» алды, деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР ІІМ Қылмыспен-атқару жүйесі комитеті баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.


Төтенше оқиға рождественка мерекесінің қарсаңында орын алған. Түнде колонияның сыртынан наркотикке ұқсаған зат лақтырылған. Сырттан сәлемдеме түскен тұстан колонияның кезекші наряды үш сотталушыны ұстаған. Олар қашып кетпек болған. Сотталушылардан заңсыз сәлемдемені тартып алмақ болған кезде қарауылдардың бірінің қолынан сотталушы тістеп алыпты.
Қарауылға медициналық көмек көрсетілген. Ал, оны тістеп алған 37 жасар сотталушы ВИЧ-жұқтырушы ретінде есепте тұрған. Сотталушыға қатысты мекеме қызметкерінің денсаулығына және өміріне қауіп төндіру» бабына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Күдікті осы бойынша оған 3-7 жыл бас бостандығынан айрылуы мүмкін. Тәркіленген зат сараптауға жіберілді.


 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер