Шұлғаудың орнын шұлық баса алмайды - Оқиға|15 Қаңтар 2013, 10:05
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Шұлғаудың орнын шұлық баса алмайды

Астана. 15 қаңтар. BAQ.KZ. РФ Қорғаныс министрі Сергей Шойгу 2013 жылдан бастап әскердегілердің шұлғау тағуына қарсы. Оның айтуынша, шұлғаудан бас тарту үшін біраз қаражат керек.  

Бұл туралы Ресей мемлекеттік думасында да шу болды. Қорғаныс комитетінің думадағы өкілі Игорь Баринов:
"Біз шұлғауды 1812 жылдан бастап қолданып келеміз. Қазір ХХІ ғасыр, басқа бір дүние ойлап табу керек" дейді. Оның басты себебі, әскердегілер моншаға аптасына бір-ақ рет түседі, ал шұлғауды бір апта бойы тағып жүреді.
Бұған сенатор Виктор Озеров та өз пікірін қосты.
"Шұлғау орыс әскерінің айнымас бөлігі, символы. Сондықтан, одан біз ұтылмаймыз" дейді.
Жалпы, шұлғау тағу ежелгі Рим әскерлерінен келе жатқан үрдіс. Егер соның орнына шұлық киетін болсақ, ол тез жыртылып қалады. Оның үстіне, етік шұлғаусыз аяқты да қажап тастайды.  


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер