BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

ШҚО-да мұғалім мектепте босанып, сәбиін дәретханаға тастаған

Фото: UaUa.INFO

Мұндай жағдай Үржар ауданындағы Некрасовка ауылында болған, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі newtimes.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл ақпаратты ауылдағы мектептегілер растады. Мектептегі қызметкерлер ондай жағдай 7 сәуір күні болғанын айтты. Педагог-психолог мектеп қабырғасында босанып, нәрестесін далада орналасқан дәретханаға тастай салған.

«Сәби шетінеп кетті. Мұғалім тұрмысқа шықпаған», - дейді мектептегілер.

Үржар аудандық білім басқармасы төтенше жағдай туралы пікір білдірді.

«Бізге бұл туралы мектеп директоры хабарлады. Қазір қылмыстық іс қозғалғаны туралы ешқандай ақпарат білмейміз», - дейді басқармадағы маман.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер