Астана, BAQ.KZ. Риддер қаласында жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан 8 жастағы баланы көлік қағып кетті. Бұл туралы ustinka.kz сайты хабарлайды.
Астана, BAQ.KZ. Риддер қаласында жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан 8 жастағы баланы көлік қағып кетті. Бұл туралы ustinka.kz сайты хабарлайды.
8 жастағы бала жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқанда көлік қағып кеткен. Бала ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді. Куәгерлердің айтуларынша, оқушы «газель» көлігінің артынан жүріп келе жатқан көлікті көрмей қалған. Дәл осы себеппен жеңіл көлік жүргізушісі де баланы көрмей қалған.
Басқа куәгерлердің айтуларынша, жеңіл көлік жүргізушісі жылдамдықты арттырып келе жатқан. Полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтауда.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!