BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

ШҚО-да көлік қағып кеткен бала қайтыс болды

Фото: abctv.kz

Астана, BAQ.KZ. Риддер қаласында жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқанда көлік қағып кеткен 8 жастағы бала есін жимаған күйі көз жұмды. Бұл туралы ustinka.kz сайты хабарлайды.

8 жастағы баланың алған жарақаты ауыр болып, бүгін таңертең ауруханада көз жұмды.

Баланың туыстары дәрігерлер түнімен оны ажалдан арашалап қалу үшін күрескендерін, бірақ алған жарақаты ауыр болғандықтан, есін жимаған күйі көз жұмғанын айтты.

18 желтоқсан күні Риддерде жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқанда көлік қағып кеткен бала жансақтау бөлімінде жатқаны туралы жазған болатынбыз.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер