ШҚО-да мәйітхананы тонамақ болған ұры сол жерде ұйықтап қалған - Оқиға|11 Қыркүйек 2012, 14:57
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

ШҚО-да мәйітхананы тонамақ болған ұры сол жерде ұйықтап қалған

ШҚО.11 қыркүйек. BAQ.kz - Зырянда 32 жастағы жұмыссыз ер адам тонау арқылы қаржылық жағдайын жақсартпақ болады. Сөйтіп, ол қалалық мәйітхананы нысанаға алады.

1tv.kz сайтының тілшісі хабарлағандай, қылмыскер бір кездерде сол мәйітханада санитар болып жұмыс істепті. Сондықтан жоспарын жүзеге асыру ол үшін қиындық туғызбаған. «Ол барлық кіріп-шығатын жолдарды білген. Сондай-ақ мәйіттердің аса қатты күзетілмейтінін де түсінген. Түн ауған шақта ұры ғимараттың ішіне еніп, кабинеттердің бірінен фотоаппаратты, теледидар мен жылытқыш пештерді ұрлаған», - деп мәлімдеді ШҚО-ның Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Айта кететін жайт, ер адам тонауға мас күйінде аттаныпты. Оның мас болғаны ісін аяғына дейін жеткізуіне кедергі болған. Тонаушы ұрлаған заттарын терезеден лақтырмақшы болған, алайда сол терезенің алдында ұйықтап кетіпті. Ұрыны өз кабинетінен таңертең жұмысқа келген патологоанатом көреді. Аталмыш жайт бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер