Шымкенттегі ірі базардың бірі өртке оранды - Оқиға|03 Тамыз 2012, 09:22
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Шымкенттегі ірі базардың бірі өртке оранды

 Астана.3 тамыз. BAQ.kz - Шымкент қаласында орналасқан "Бекжан" базары өртеніп жатыр, деп жазады otyrar-tv.kz.

   Бүгін таңертеңгі сағат 4:40-де Шымкенттегі алып базарлардың бірі -"Бекжан" базары өртке оранды.Өрттің шығу себептері әзірге белгісіз. Төтенше жағдай департаментінің хабарлауынша, өртті ауыздықтау үшін 29 арнайы техника мен мыңдаған құтқарушы жұмылдырылған. Оған қоса, облыстық ішкі істер департаментінің барлық қызметкерлері жұмылдырылып, ашынған халықты бөгеп, қоршауда тұр.

   Бекжандық саудагерлердің барлығы жиылып, базардың әкімшілік ғимаратының алдында жауап күтуде. Базар әкімшілігі әзірге үнсіз, тіптен күзет қызметінің бірде-бір адамы көрінбейді.

   Өрт әзірге ауыздықталған жоқ, деп жазады дереккөз.

  Естеріңізге салсақ, Шымкентте 2009жылы сәуір айында дәл осылай "Самал" киім базары өртенген болатын. Онда 450 саудагердің тауары өртеніп, шығын190 млн теңгеден асқан. 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер