Астана, BAQ.KZ. 9 қараша күні Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданының әкімі кәсіпкерге жер телімін ұзақ мерзімді жалға беру құқығын қайта ресмідеу мәселесін оң шешу үшін 800 мың теңге пара алды деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады және BAQ.KZ тілшісіне растады.