Шығыс Қазақстанда бір тәулік ішінде екі көлік өртеніп кетті - Оқиға|07 Қыркүйек 2018, 12:37
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Шығыс Қазақстанда бір тәулік ішінде екі көлік өртеніп кетті

Фото: varianty.lviv.ua

Шығыс Қазақстан облысында бір тәулік ішінде екі көлік өртенді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі YK-news.kz сайтына сілтеме жасап.

6 қыркүйек таңертең Риддер қаласындағы Қонаев көшесінде автотұрақта «Фольксваген» шағын автобусынан өрт тұтанды. Көліктің қозғалтқышы, салоны мен кузовы жанып кеткен. ТЖД қызметкерлері өртті жарты сағаттан аз уақытта өшірген. Өрттің аумағы 6 шаршы метрді құрады.

Ал екінші оқиға бүгін түнде Семейде болған. Мұхамедханов-Абай көшелерінің қиылысында кетіп бара жатқан «Тойота Камри» көлігі өртеніп кеткен. Көліктің мотор бөлігі мен салонын өрт шарпыған. Аумағы – 3 шаршы метр. Өрт сөндірушілер 20 минут ішінде жалынды сөндіріп үлгерген. Зардап шеккендер жоқ.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер