Бір тәулікте тәркіленген контрабанда - Оқиға|27 Желтоқсан 2018, 14:25
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Бір тәулікте тәркіленген контрабанда

Фото: ашық дереккөзден

Астана, BAQ.KZ. Кеше күндізгі уақытта «Қорғас» шекаралық бақылау отрядына қарасты «Қорғас» ШЫХО шекаралық бөлімшесінің бақылаушылары Қазақстан Республикасының аумағынан 76,5 келі тасты (янтарға ұқсаc) тиісті құжатынсыз өткізбекші болған 26 жастағы отандасымызды құрықтады. Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі мәлімдеді.

Контрабандаға қатысты тиісті хаттама толтырылып, «Алтынкөл» кеден постына тапсырылды.

Сондай-ақ Бейнеу шекара отрядының «Тәжен» (авто) шекаралық бақылау бөлімшесінің шекарашылары ел шебі арқылы жалпы құны 35 мың теңгеге бағаланған 32 литр спирттік ішімдікті өткізуге талпынған азаматтың жолына тосқауыл қойды. Өзбекстан Республикасының 32 жастағы азаматынан тәркіленген контрабандалық тауарлар «Тәжен» кеден постына өткізілді.

Сол күні қордайлық шекарашылар да қырғыз азаматының жол сөмкесін шекаралық бақылаудан өткізу кезінде 6 000 қорап темекі өнімін тәркіледі. Елімізге бағыт алып шыққан айыр қалпақты азамат өткізуге талпынған темекі өнімдерінің акциздік маркасы мен тиісті құжаттары болмаған.

Контрабандалық жүкке тиісті акт жасалып, Қордай аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлеріне тапсырылды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер