Шекарашы Челах өзіне қысым жасаған тергеушілердің бірін таныды - Оқиға|23 Тамыз 2012, 13:40
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Шекарашы Челах өзіне қысым жасаған тергеушілердің бірін таныды

АЛМАТЫ. 23 тамыз. BAQ.KZ – «Арқанкерген» бекетінде өз қызметтестерін өлтірді деген күдікпен тергеліп жатқан Владислав Челах өзіне қысым көрсеткен тергеушілердің бірін таныды, деп хабарлайды дереккөзі. Челахтың айтуынша мойындау түсініктемесін алу кезінде құқық қорғаушы оған психологиялық қысым жасаған.

«Бүгін, яғни тамыздың 23-і күні Челах жедел тергеу тобының мүшелерінің бірімен бетпе-бет кездестірілді. Ол (Челах ред.) тергушінің өзіне қысым көрсеткен адам екенін таныды», - деді күдіктінің қорғаушысы Төлеген Берліқожанов.
Ал, Владислав Челахтың бүгін өзіне өзі қол жұмсағаны жайлы таралған ақпаратты қорғаушы жоққа шығарды. «Челах аман-сау, жағдайы да, көңіл-күйі де жақсы», - деді ол.

Бұл оқиға мамыр айының соңында Қазақстан шекара бекетінде болған. Естеріңізге салсақ, қазақ-қытай шекарасындағы Арқанкерген бекетінде 15 адам қаза тапқан. Оқиғадан соң 5 күннен кейін табылған шекарашы Владислав Челах қызметтестерін өзі өлтіргені жөнінде түсініктеме берген. Бірақ, кейінірек ол жауабынан жалтарып, бұл қылмысқа еш қатысы жоқ екенін, шекара бекетіне шабуыл жасалып, өзі әрең қашып құтылғанын мәлімдеген. Бұл іс бойынша тергеу-тексеру жұмыстары әлі жүріп жатыр.


 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер