BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Шекарадан заңсыз ет асырмақ болғандар ұсталды

Қазақстан – Ресей шекарасында 4 тонна құс еті мен қой етін алып өтпек болғандардың жолы кесілді. Қостанай шекара отрядына қарасты «Қайрақ-авто» бақылау-өткізу бекетінің шекара наряды бір сөткенің ішінде ет өнімдерін заңсыз өткізуге қатысты екі деректі анықтады, деп хабарлайды BAQ.kz тілшісі.

Бұл туралы ҚР Шекара қызметінің баспасөз орталығы хабарлады.

Атап айтқанда, Ресей Федерациясына «ГАЗ» жүк көлігімен кетіп бара жатқан 47 жастағы қазақстандықтың ет өнімдерінен шикілік табылды. Оның құжаттары бойынша көлік қорабында салмағы 500 килограмм болатын 25 дана қойдың бітеу еті болуы керек еді. Ал тексере келгенде, одан салмағы 1300кг болатын, 65 дана бітеу ет анықталды.

Осы күні 32 жастағы қазақстандық азамат та мемлекеттік шекара арқылы заңсыз түрде 3 тонна құс етін өткізуге әрекеттенді. Ұсталған азамат «Хундай» автокөлігімен Қазақстаннан Ресей жеріне қарай сапар шегіп барады екен.

Аталған деректер бойынша құқыққорғау органдары хабарландырылды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер