BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Семейде екі адам өртенген үйімен бірге жанып кетті

Жұмадан сенбіге қараған түні Семейде адам өліміне алып келген өрт оқиғасы орын алды, деп хабарлайды Baq.kz агенттігі Newtimes.kz порталына сілтеме жасап.

Өрт Уранхаев көшесінің бойындағы бес қабатты тұрпғын үйдің екінші қабатындағы пәтерден шыққан. Пәтердегі зал, дәліз, жиһаз, есік пен жеке заттар өртке оранды. Дер кезінде жеткен өрт сөндірушілер тыныс алу аппараты арқылы от шарпыған пәтердің ішіне кірді.

Өртті сөндіру және оқиға орнын тексеру барысында өрт сөндірушілер улы газбен улану белгілері бар 1959 жылы туған әйел және 1963 жылы туған ер адам - пәтер иесінің өлі денесін тапты. Бір жарым сағат ішінде өрт толық ауыздықталды.

Өрт аумағы 20 шаршы метрді құрады. Оқыс оқиғаның орын аулына электр жабдығын монтаждау және пайдалану кезінде қауіпсіздік техникасын бұзу және отпен жұмыс жасау кезінде сақтық шараларын сақтамау себепші болып отыр деген алдын ала болжам бар.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
27 Желтоқсан 2018, 12:48
Семейде мұз сарайы салынады
Пікірлер