Семей тұрғыны алаяққа жарты миллион теңгенің алтынын берген - Оқиға|06 Қыркүйек 2018, 10:37
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Семей тұрғыны алаяққа жарты миллион теңгенің алтынын берген

Фото: sonnikpro.com

Семей қалалық Ішкі істер басқармасына жергілікті тұрғыннан арыз келіп түскен. Семейлік әйел таныс әйелге бағалы әшекей бұйымдарын беріп, кейін полиция қызметкерлеріне іздетуге мәжбүр болған, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ШҚО ІІД-ге сілтеме жасап.

Алаяқ әйел Семей тұрғынының 500 мың теңгеге бағаланатын алтын бұйымдарын алдау жолымен алып кеткен. Зардап шегушінің айтуынша, таныс әйел оған бұл алтын бұйымдарды қымбат бағада сатып беретініне уәде берген. Сөйтіп ол алтын әшекейлерінен де, ақшасынан да айырылып қалған.

Танысы төрт ай бойы әртүрлі себеп айтып, зардап шегушімен кездесуден бас тартып жүрген.

«Полиция қызметкерлері оның кім екенін анықтады. Ол 38 жастағы Семей тұрғыны болып шықты. Оның әрекеті «Алаяқтық» бабы бойынша қаралады. Тергеу амалдары барысында ол кінәсін мойындады. Аталған бап бойынша ол екі жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін», - делінген хабарламада.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер