Сәтбаевтан жоғалған бойжеткен Шымкентте тұрмысқа шыққан - Оқиға|24 Шілде 2012, 12:34
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Сәтбаевтан жоғалған бойжеткен Шымкентте тұрмысқа шыққан

АСТАНА. 24 шілде. Сәтбаев қаласының полиция бөлімшесіне жергілікті тұрғын 19 жасар қызының жоғалып кеткендігін айтқан, деп хабарлады Қарағанды облысы ІІД-нің баспасөз қызметі. Бойжеткен күндіз үйінен кетіп, қайтып оралмаған.

 

 Бір апта өткен соң, 22 шілдеде іздестіру шараларының барысында із-түзсіз жоғалып кетен бойжеткен Шымкент қаласынан табылды. Кейін оның сол жақта тұрмыс құрғаны белгілі болды.

 Полиция қызметкерлері қыздарының табылғандығы жөнінде ата-анасына хабар берген. Бойжеткеннің мұндай әрекетке неліктен барғаны анықталуда.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер