Сары аурудан ауырған жүкті әйелге уланды деген диагноз қойылған - Оқиға|13 Қыркүйек 2012, 10:42
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Сары аурудан ауырған жүкті әйелге уланды деген диагноз қойылған

 Қызылорда. 13 қыркүйек. BAQ.kz -   Қызылордада дәрігерлердің салғырттығынан жүкті әйел қаза тапты. Жаңақорған ауданы Әбдіқаппар ауылының 43 жастағы тұрғыны төртінші баласына жүкті болған. Ол шағымын айтып, жергілікті дәрігерлерге қаралған. Алайда, сырқат келіншекті олар қарбыздан уланған деп емдеген. Кейіннен Гауһар Ердібаеваның сары аурумен ауырғандығы анықталған, бұл туралы Жетінші арна жаңалықтарынан көрсетілді.

 Марқұм ананың артында қалған 3 баласы суретіне қарап жолын тосып жүр. Сәби жүрек аналарының қайта оралмайтындығына әлі сенбейді. Олар, аналарын күтіп, сағынғандығын айтуда, "мен маманы қатты сағындым. Емханадан шығып келеді екен деп ойлаймын. Больницадан аман-есен шығып келсін",- дейді балалары.

Гауһар Ердібаева осы үйдің үлкен келіні болған. Ол Жаңақорған ауданына қарасты Әбдіқаппар ауылында ұстаздық еткен. Бірақ төртінші баласына аяғы ауыр кезде денсаулығы сыр бергенде жергілікті дәрігерлер диагнозын дөп басып айта алмаған.

Жүкті әйелді қабылдаған фельдшер болса, қарбыздан уланды деген диагноз мұнда қойылған жоқ, деп отыр."Гауһардың өзінде-де ондай шағым болған жоқ. Аға дәрігер қарады. Кейін күндізгі емдеу бөліміне түсіретін кезде екеуміз бірге отырып қарап, күндізгі емдеу бөліміне анемиясын емдеуге алдық",-дейді фельдшер.

Келіншектің сары ауруға шалдыққанын облыстық аурухана дәрігерлері анықтап айтқан. «Бірақ сырқаты меңдеп кеткен келіншекті емдеу ол кезде тым кеш еді»,- дейді мамандар.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының орынбасары Ләйлә Құлатева: "Бұл кісіні біз шартты "предврататимаяға" жатқыздық. Себебі, ол созылмалы гипатит «В» болып шықты. Ол дегеніміз бұрынан ауырып келе жатқан. Бірақ екіқабат кезінде өршіген. Қызылордаға келген соң құрсағындағы сегіз айлық баланың шетінеп кеткендігі белгілі болған. Сөйтіп, облыстық және республикалық санитарлық авиация дәрігерлері сырқатты аман алып қалу үшін 17 тәулік бойы күрескен. Бірақ адамның емес, ажалдың көздегені болды. Алайда, келіншектің жанұясы «бұл ауылдық дәрігерлердің жауапсыздығынан» деп отыр, дегенді алға тартуда.

Қазір бұл істі құқық қорғау органдары тексеріп жатыр. Жүкті ананың өліміне кім кінәлі екені медициналық сараптама қорытындысы шыққан соң белгілі болмақ.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер