Риддердегі кеніште тау жынысы опырылып кетті - Оқиға|06 Қыркүйек 2018, 11:23
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Риддердегі кеніште тау жынысы опырылып кетті

Фото: YouTube

24 тамыз күні «Қазцинк» ЖШС-нің Риддердегі кенішінде тау жынысы опырылып кеткен. Үйінді астында жүк көлігі мен жүргізушісі қалған. Өндірген өнім де бүлінген, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі altaynews.kz сайтына сілтеме жасап.

Кеншіні іздеу жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Қазіргі уақытта ол жерге қандай да бір оқыс жағдай бола қалса, дереу қатып, қауіпсіздікті қамтамасыз ететін бетон қойылды. Бұның арқасында бір емес, үш жақтан бірдей іздестіруге мүмкіндік туып отыр.

Бұл жұмыспен қатар бүкіл кеніш ішіне толықтай тексеріс жүріп жатыр. Компания басшылығы адам өміріне қауіпсіз жағдай туғызатындарын айтып отыр.

Ал Тишин кенішіндегі бұл оқиғаның себебі алдағы уақытта анықталатын болады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер