BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 378.87 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 422.4 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.87
Астана:

Прокуратура қызметкері алған парасын қайтару кезінде қолға түсті

Кеше Оңтүстік Қазақстан облыстың прокуратурасының У. есімді қызметкері алған парасын қайтарып жатқан кезде қолға түсті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"28.03.2018 жылы Оңтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасының Ішкі қауіпсіздік тобы Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен бірлесе Шымкент қаласы Еңбекші ауданы прокуратурасының қызметкері У-ды осыған дейін алынған параның бөлігін қайтару кезінде ұстады. Ақашалай қаражат азамат К-ны қылмыстық жауапкершіліктен босату мәселесін шешу үшін алынған" - делінген хабарламада.

Қазіргі таңда іс бойынша тиісті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Ал басқа да қылмыстық іске қатысты мәліметтер тергеуге байланысты жария етілмейтіндігі айтылған баспасөз хабарламасында.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер