Солтүстік Қазақстан, BAQ.KZ тілшісі. Петропавлда осыдан тура екі ай бұрын «Новый свет» кинотеатрының алдында екі қызды соғып, оқиға орнынан қашып кеткен «Лексус» көлігінің жүргізушісі қамауға алынды.
Солтүстік Қазақстан, BAQ.KZ тілшісі. Петропавлда осыдан тура екі ай бұрын «Новый свет» кинотеатрының алдында екі қызды соғып, оқиға орнынан қашып кеткен «Лексус» көлігінің жүргізушісі қамауға алынды.
Күдікті Илья Старухинге мемлекетаралық іздестіру жарияланған болатын.
Қыркүектің 15-і жол апатынан кейін екі қыз ес-түссіз аурухананың жансақтау бөлімшесіне жеткізілген болатын. Олардың бірін дәрігерлер ажалдан арашалай алмады. 11 күн бойы жансақтау бөлімшесінде жатқан Ксения Овсянникова көліктің ауыр соққысынан кейін есін жимастан бақиға аттанып кетті. Келіншектің соңында екі жасар баласы қалды.
Күдіктінің жол апатынан кейін Ресейге қашқаны белгілі болды. Сот оны қамауға алу туралы сырттай шешім шығарған болатын.
Солтүстік Қазақстан облыстық Ішкі істер департаменті баспасөз-қызметінің мәліметінше қазір ҚР Қылмыстық кодексінің 345 бабының 3 тармағына сәйкес, абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережесін бұзу және аталған заңның 347 бабына сәйкес жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалу фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!