BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 377.62 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 426.03 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.67
Астана:

Павлодардағы көлік жуу орнында 43 жастағы азаматты КамАЗ басып кетті

Фото: интернеттен

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Павлодар қаласының іргесінде орналасқан көлік жуу орнында оқыс жағдай болды. КамАЗ көлігі 43 жастағы ер азаматты басып кетті. Салдарынан Астана тұрғыны оқиға орнында көз жұмды.

Куәгерлер қайғылы жағдайlан соң жарты сағат өткеннен кейін ғана жедел жәрдем көмегін шақырған.

«Жедел медициналық көмек станциясына шақыру сағат 16.20 минутта түсті. «Грузовая» атты автожуу орнында жүк көлігі ер адамды басып кетті. Оқиға орнына жеткен дәрігерлер биологиялық өлімді тіркеді. Астаналық азамат көп жарақат алған. Сонымен қатар, тұрғынның басы «езіліп» кеткен», - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Бұл жағдайдың орын алуын Павлодар облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі растап, түсінік берді.

«Астана қаласының тұрғыны облыс орталығындағы кіреберістегі Успен көпірінің «Солтүстік өнеркәсіптік аймақ» мекенжайында орналасқан көлік жуу станциясында ауыр жарақаттар алған. Ол «HOWO» жүк көлігін жөндеумен айналысып жатқанда көз жұмды. Қазіргі уақытта бірнеше сараптама тағайындалды. Тексеріс жұмыстары да қатар жүргізілуде», - дейді полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілі Алма Мұсабекова.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер