Павлодардағы ана өз баласын қамауға алуды құптап отыр - Оқиға|14 Қаңтар 2013, 08:42
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Павлодардағы ана өз баласын қамауға алуды құптап отыр

Астана. 14 қаңтар. BAQ.KZ. Павлодар аудандық соты ауыл тұрғынын ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 79-5 бабының 2-ші бөлімінде қарастырылған құқық бұзушылықты жасады деп танып, оны 15 тәулікке әкімшілік қамауға алған.  

Жаңа жылда ішімдікке сылқия тойған ер адам жанжал шығарған, анасын балағаттап, күш көрсетемін деп қорқытқан.

Сот отырысында құқық бұзушы өз кінәсін толығымен мойындап, ісіне өкінді. Алайда оның анасы жанжалқор ұлын кешірмеді, тараптар сот залында татуласпады. 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер