Павлодарда туберкулезге қарсы санаториядан кетіп қалған жасөспірімді іздестіруде - Оқиға|09 Қыркүйек 2018, 20:37
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Павлодарда туберкулезге қарсы санаториядан кетіп қалған жасөспірімді іздестіруде

Фото: clujcapitala.ro

Жоғалып кеткен 13 жасар ұлдың беліглерін «Vita Павлодар қаласының іздеушілері» еріктілер қоғамдық бірлестігі Instagram парақшасында жариялады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

2005 жылы 9 маусымда дүниеге келген Сәкен Ақбердинов серуендеу кезінде туберкулезге қарсы балалар санаториясынан белгісіз бағытта кетіп қалған. Оқиға 2018 жылдың 8 қыркүйегінде орын алған.

«Денесі арықтау келген, бойы 154 сантиметр, шашы тақырланып алынған. Қара жейделі, жанында ақ сызықтары бар қызыл спорттық костюммен болған», - деп жазады еріктілер.

Іздеуші Катерина Кудряцеваның айтуынша, баланы кеше Орталық әмбебап дүкен (ЦУМ) маңынан және Лермонтов көшесінен байқаған.

«Ол қоян сатып жүрген және жүргіншілерден үйлерінде түнеп шығуға сұранған. Кеше біз түн ортасына дейін іздестірдік. Әзірге өзге еш ақпар жоқ», - деді ерікті.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер