BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Павлодарда төбелесіп қалған дәрігерлер сотта кездесті

Фото: ашық дереккөзден

Павлодар. BAQ.KZ тілшісі. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының ғимаратында төбелесіп қалған дәрігерлер сотта кездесті. Ақ желеңділердің ісі мамандандырылған әкімшілік сотта қаралды.

Сот отырысы барысында Нариман Шахмарданов татуласуға ниетті екенін жеткізді.

«Кездесу барысында Нариман Шахмарданов әкімшілік хаттама Павлодар қалалық №3 емханасының бас дәрігер Марлен Ахметовке қатысты толтырылуын талап етті. Н. Шахмардановтың айтуынша, төбелесті М. Ахметов бастаған. Бұған қарамастан, Шахмардановқа 10 АЕК көлемінде айыппұл салынды», - деп хабарлады әкімшілік соттың бас маманы Бақыт Шоқпарова.

Еске сала кетейік, екі дәрігер арасындағы жанжал бір ай бұрын болды. Нақтырақ айтқанда, отырыстан кейін Нариман Шахмарданов пен Марлен Ахметов сөзге келіп, соңы төбелеске ұласқан. Нәтижесінде оларды ауруханаға жеткізуге тура келді. Мамандардың мәліметінше, Нариман Шахмардановтың мас биы шайқалса, Марлен Ахметовтің оң жақ қабағы жарақаттанған.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ораз Мұқашев хабарлағандай, Нариман Шахмарданов төбелестің басталуына сеп болып, мемлекеттік қызметші этика кодексін бұзған. Ал Марлен Ахметовты жоғары деңгейлі кәсіби маман және дәрігерлік іс шебері деп атады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер