BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Павлодарда Еуропадан интернет арқылы есірткі саудалағандар құрықталды

Фото: dpchas.com.ua

Астана, BAQ.KZ. Павлодарда Еуропадан интернет дүкені арқылы есірткі тасыды деген күдікпен екі адам қамауға алынды. Бұл туралы pavlodarnews.kz сайты хабарлайды.

«Басқарма қызметкерлері есірткі саудасымен айналысқан деген күдікпен топтың мүшелерін ұстады. Олар Еуропадан синтетикалық есірткілерді тасыған. Ұсталғандар 20-30 жас аралығындағы екі азамат. Есірткіні күдіктілер сайттарға жарнама беру арқылы сатып отырған. Тінту барысында 2 келіден астам, құны 12 миллион теңгеге жуықтайтын LSD (есуастандырғыш зат), экстази, spice сияқты 1500 бір реттік мөлшердегі синтетикалық есірткі тәркіленді, - дейді облыстық полиция департаменті есірткіге қарсы күрес басқармасының басшысы, полиция подполковнигі Балғабай Қапаров.

Басқарма басшысының айтуынша, есірткіні күдіктілер Еуропадан пошта арқылы сәлемдеме ретінде әкеліп отырған.

«Осы топпен бір жылдан астам уақыт күрес жүргізілді. Арнайы шаралар атқарылып, тексерістік сатып алулар болды. Олардың өздерінің интернет дүкендері бар. Сол арқылы сайттарға жарнама берген», - дейді Балғабай Қапаров.

Қазіргі кезде ҚР ҚК-нің 297-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Аталған бап бойынша 15-20 жылға дейін бас бостандығынан айыру санкциясы қарастырылған. Күдіктілер Павлодар қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Жыл басынан бері өңірде есірткіге қатысты 75 қылмыс тіркеліп, 400 келіден астам есірткі түрлері тәркіленді. Сондай-ақ, 30 есірткі саудалау нүктесі анықталып, 32 адам ұсталған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер