Павлодарда алаяқ 92 жастағы әжейді тонап кетті - Оқиға|07 Қыркүйек 2018, 11:49
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Павлодарда алаяқ 92 жастағы әжейді тонап кетті

Фото: vesiskitim.ru

Павлодарда сыған әйел 92 жастағы әжейдің сеніміне кіріп, 160 мың теңгесін қолды еткен, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

ІІД-нің баспасөз қызметінің мәліметінше, Павлодар қаласының 92 жастағы тұрғынына көшеде кездескен 35-40 жастағы сыған әйелі оның ұлын танитынын айтқан.

«Кейін әжейдің неге дүкенге жалғыз баратынын, кіммен тұратынын сұрап білген. Еш күдіктенбеген әжей ұлының танысымын деген адамға бар сырын айтып берген. Балаларының Ресейде тұратынын білген соң, денсаулығы туралы әңгімелесе отырып, аяғына массаж жасап берейін деген ұсыныс жасаған. Үйге кірген соң, алаяқ әжейді диванға жатқызып, массаж жасаған, сосын 10 мың теңге ақша сұраған. Еш ойланбастан сөреден ақшаны алып берген, ал алаяқ арам ісін жалғастырып, ұйқыға кеткенше күткен, артынан 160 мың теңге көлеміндегі ақшасын ұрлап кеткен. Сонда бірақ әжей өзінің алданғанын білген, - деді баспасөз қызметінде.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Осы қылмысты жасаған күдіктіні ұстау және анықтау бойынша іс-шара жүргізілуде.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер