Павлодар облысында жыл басынан бері 548 өрт тіркелді - Оқиға|06 Қыркүйек 2018, 16:25
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Павлодар облысында жыл басынан бері 548 өрт тіркелді

Фото: pavlodarnews.kz

Павлодар облысында ағымдағы жылдың сегіз айы ішінде 548 өрт оқиғасы тіркеліп, 20 адам көз жұмды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен жиында Павлодар облысы ТЖД өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының бастығы Серік Ысқақов мәлімдеді.

«Облыс аумағында болған өрт салдарынан 20 адам көз жұмып, 18-і жарақат алды, - деді Серік Ысқақов.

Материалдық шығын көлемі 60 миллион 435 мың теңгені құрады. Қызыл жалынның 374 шығу фактісі тұрғын үй секторында тіркелді. Салыстырмалы кезеңіне қарағанда өрт саны 7 пайызға азайса да, бұл жалпы жағдайды жақсартпайды. Есептік кезеңде Павлодар облысының аумағында газдан уланудан үш адам қайтыс болып, өрт болмай тұрып газдан 11 адам уланды. Олардың төртеуі – бала.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер