Павлодар облысында полиция қызметкерлері 76 қап артемия салина шаяндарын ұрлағандар құрықталды, деп хабарлайды Baq.kz агенттігінің аймақтағы тілшісі.
Павлодар облысында полиция қызметкерлері 76 қап артемия салина шаяндарын ұрлағандар құрықталды, деп хабарлайды Baq.kz агенттігінің аймақтағы тілшісі.
Ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, заңсыз ұрлық жасағандар Ертіс ауданы ІІБ қызметкерлерінің патрульдеу кезінде Ертіс ауылында құрықталды.
«Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының 49 жастағы тұрғыны тізгіндеген «ГАЗ-53» маркалы автомашина тоқтатылды. Салонда 19 жастағы Көкшетеу қаласының тұрғыны болған. Автомашинаның шанағын тексеру кезінде нашар иісі бар, қоңыр түсті зат салынған 78 полиэтилді пакет анықталды. Тексере келе бұл артемия салина шаяны екені анықталды. Жүргізушіде жүкке арналған тиісті құжаттары да болмаған», - дейді департаменттің баспасөз қызметінің өкілі Алма Мұсабекова.
Мамандардың айтуынша, көлік жүргізушісі Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы аулының бірінде жақын таныс емес адамдардың Павлодар қаласына жеткізу туралы ұсыныс жасағанын түсіндірді. Жүргізуші бейтаныс азаматтарға сеніп қалған. Себебі, Солтүстік Қазақстан облысына қарасты Уәлиханов ауданындағы Теке көлінде Атемина салина заңды негізде ауланады.
Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 335-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Сараптама тағайындалып, тергей амалдарымен көрші облыстың мамандары айналысады. Қылмыстық іс аумағы бойынша СҚО ІІД-ге жіберіледі.
Айта кетейік, Артемия салина құнды шаяндар түріне жатады, оның жарты құрамы ақуыздан тұрады. Шаянның ұзындығы екі сантиметрден аспайды.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!