Өскеменде жолаушы толы автобус көше ортасында жанып кете жаздады - Оқиға|07 Қыркүйек 2018, 11:58
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Өскеменде жолаушы толы автобус көше ортасында жанып кете жаздады

Фото: altaynews.kz

Бүгін Өскемендегі №2 маршруттық автобустың салоны қатты түтіндеп, жолаушыларды эвакуациялауға тура келді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі altaynews.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға таңғы 8 сағат шамасында Әуезов және Жеңіс даңғылының қиылысында болған. Қоғамдық көліктің ішінде болған жолаушы Алексей Куропаткиннің айтуынша, автобус кептелісте тұрған кезде, салонының артқы жағы түтіндей бастаған.

«Жолаушылар жүргізушіге «Есіктерді аш» деп айқайлай бастады. Билет ақшаларын қайтару туралы сөз болған жоқ. Адамдар асығыс басқа автобустарға отырып жатты, - дейді ол.

Қалалық жолаушыларды тасымалдау басқармасы орталығының айтуынша, автобус жүргізушісі түтінді тез өшіре қойған. Олар жапа шеккен ешкім жоқ деп отыр.

«Автобус аккумуляторының сымдары тұйықталып қалған. Түтін содан шығып отыр», – деп түсіндірді ЖТБО директоры Ернар Мұстафин.

Мұстафинның айтуынша, автобустар күнде таңертең жолға шықпас бұрын тексерутен өткізіледі. Бірақ электр сымдарын күнде тексеріп жатпайды екен. Күн аралатып қана қарайтын көрінеді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер