BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Өскеменде жол апатынан полиция қызметкері көз жұмды

Фото: altaynews.kz

Астана, BAQ.KZ. Жол апаты 18 қараша күні кешкі уақытта Базовая көшесінде болды. Соның салдарынан Өскемен қалалық полиция басқармасының қызметкері көз жұмған. Бұл туралы altaynews.kz сайты хабарлайды.

18 қарашада сағат 21.00 шамасында Базовая көшесінің бойында үш жеңіл автокөлік соқтығысты. Оқиға былай өрбіген: сол күні қар жауып тұрған. Toyota Carina автокөлігінің жүргізушісі жолдағы ахуалды ескермей, басып озуға әрекет жасайды. Қарама-қарсы бағыттағы Lexus автокөлігімен бетпе-бет соғылып, қатар келе жатқан «Nissan» маркалы автокөлігін жанап өткен.

Анықталғандай, Toyota автокөлігінде полиция басқармасының үш қызметкері отырған.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол апатының салдарынан Lexus көлігінің жүргізушісі және Toyota көлігінің жүргізушісі мен бір жолаушысы жарақат алып, ауруханаға жатқызылған. Ал Toyota-да отырған тағы бір жолашуы оқиға орнында көз жұмды. Марқұмның жасы 38-де екені белгілі болып отыр.

Қазір тиісті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер