Өскемен тұрғыны автокөлігін бір түнге әдейі ашық қалдырып кеткен. Осыны пайдаланған ұры ұрлыққа түскен, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі altaynews.kz сайтына сілтеме жасап.
Өскемен тұрғыны автокөлігін бір түнге әдейі ашық қалдырып кеткен. Осыны пайдаланған ұры ұрлыққа түскен, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі altaynews.kz сайтына сілтеме жасап.
7 қыркүйек күні таңғы 9 сағат шамасында Өскемен ІІБ Үлбі бөлімінің кезекші бөлімшесіне 34 жастағы қала тұрғыны шағым айтып келген. Оның сөзіне сүйенсек, көлік ішіндегі бейнетіркеу құралы, пышақ, плеер және әмиян қолды болған. Жапа шегуші ұрлық шамамен 14 тамыз 19.00-ден ертеңгі 7 сағат аралығында болды деп топшылап отыр.
Көлігін өзі ашық қалдырып кеткенін де жасырмаған ер азамат материалдық шығынын 40 мыңға бағалады.
Тұрғынның тым кеш шағым түсіргеніне қарамастан, тәртіп сақшылары қылмыстың бетін ашты. Бір күн ішінде баукеспені қолға түсірді. 18 жастағы жігіт кінәсін толықтай мойындап отыр. Қазір сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!