BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Өскеменде ағайындылар жалықтырып жіберген қонақты балконнан лақтырып жіберді

Фото: vylechim-prostatit.ru

Пәтер иесі мен оның туған бауыры мазасыз бөтелкелестерінен ерекше тәсілмен құтылмақ болған, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ustinka.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл жағдай Сәтбаев даңғылындағы көпқабатты үйлердің бірінде болған. Қылмыстық іс материалдарында айтылғандай, пәтерде үш ер адам ішімдік ішкен. Оның екеуі туған ағалы-інілі азаматтар болған. Ағайындылардың бірі үйге келген бөтелкелесінен үйден шығуын өтінген, бірақ оның үйден кетуін күтпестен, «көмектесіп» жібереді.

Ішімдікке масайған ер адам мен оның туған бауыры қонақтың қол-аяғынан ұстап, балконнан лақтырып жіберген. Қуанышқа орай, пәтер екінші қабатта орналасқан, сол себепті құлаған ер адам өміріне қауіп төндірмейтін жарақат алып, тірі қалды.

Үш айдан астам уақытқа созылған қылмыстық іс екі тараптың татуласуымен аяқталды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер