Өскеменде 6 миллиондық қорғасын қолды болды - Оқиға|10 Қыркүйек 2018, 20:54
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Өскеменде 6 миллиондық қорғасын қолды болды

Фото: altaynews.kz

Өскеменде құны 6 миллиондық қорғасын ұрланды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі altaynews.kz сайтына сілтеме жасап.

Металл иесі бірден ұрылардың үстінен сотқа шағым түсірген. Қалалық сот баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, ұрланған қорғасынның құны 6 миллион 72 мың теңгені құраған. Қорғасынын ұрлатып алған компания қазірдің өзінде 2 млн 800 мың теңгені өндіріп алды. Алайда жапа шегуші тарап тағы 1,5 миллион теңге талап етіп отыр. Талап қанағаттандырылды. Материалдық шығын толығымен өтелетін болады.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер