Астана, BAQ.KZ. Өскемен тұрғыны 5-қабаттан құлап, көз жұмды. Бұл туралы yk-news.kz сайтында жазылды.
Астана, BAQ.KZ. Өскемен тұрғыны 5-қабаттан құлап, көз жұмды. Бұл туралы yk-news.kz сайтында жазылды.
Бүгін Өскемендегі Көкжал Барақ көшесінде қайғылы жағдай болды. Полиция қызметкерлері оқиға таңғы сағат 07:00-де болғанын айтты.
«24 жасар әйел азамат көпқабатты үйдің бесінші қабатынан құлаған. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, – деді Полиция департаментінің баспасөз хатшысы.
Куәгерлер оның балконнан құлағанын көрген.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!