Өскемен тұрғыны полицей қызметкерін тістеп алды - Оқиға|27 Шілде 2012, 09:03
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Өскемен тұрғыны полицей қызметкерін тістеп алды

Өскеменнің 24 жастағы тұрғыны полицей қызметкерін тістеп алғаны үшін 5 жылға темір торға қамалуы мүмкін. 

YK-news.kz хабарлағандай, ішімдікке масайған әйел тәртіп сақшысын білегінен тістеп алады.
Бұл жағдай Әсет Байжанов өз учаскесін тексеріп жүрген кезінде орын алған. Көшелердің бірінен ол өткен-кеткендерге балағат айтып жатқан мас қызды көреді. Қызға ескерту жасайды, алайда әбден масайған қыз тәртіп сақшысына бағынбайды. «Полиция бөліміне жүруге өтініш білдірілген, алайда қыз бас тартты, - деді ШҚО ІІД-сінде. – Сол кезде полиция қызметкері оны қолынан ұстап, алып жүрмекші болады. Полиция бөліміне кіре бергенде ұсталған қыз қарсылық көрсетіп, тәртіп сақшысының оң жақ білегін тістеп алды».
Аталмыш жайт бойынша «Билік өкіліне күш көрсету» бабы негізінде қылмыстық іс қозғалды.
Фото с сайта: altaynews.kz 

Еуразия бірінші арнасы


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер