BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Өрт сөндірушілер 30 адамды құтқарды

Астана, BAQ.KZ. Кеше Айнатас көшесіндегі тұрғын үйдің 3 қабаты мен мансард арасындағы ағаш марш жанды. Абырой болғанда, құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.

ТЖД баспасөз қызметінен хабарлағандай, қазіргі таңда өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

«27 желтоқсанда сағат 15:51-де 101 пультіне «Кирпичный» алабындағы үйлердің бірінде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар жатақхана типіндегі тұрғын үйдің 3 қабаты мен мансардтың арасындағы ағаш баспалдақтың маршының жанғанын анықтады. Жалын 10 шаршы метрді шарпыды. Өрт сағат 16:25 өшірілді. Өрт сөндірушілер 30 адамның өмірін аман сақтап қалды. Олардың 12-сі – бала», - делінген хабарламада.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер