10 қыркүйек күні облыстық клиникалық аурухананың травматолог-дәрігері үйінде өзіне қол жұмсап, көз жұмды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі mgorod.kz сайтына сілтеме жасап.
10 қыркүйек күні облыстық клиникалық аурухананың травматолог-дәрігері үйінде өзіне қол жұмсап, көз жұмды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі mgorod.kz сайтына сілтеме жасап.
36 жастағы дәрігердің үйінде асылып қалғаны тулары БҚО ІІД баспасөз қызметі хабарлады.
«10 қыркүйек күні сағат кешкі 21:30-да қалаға танымал травматолог-дәрігер өз-өзінеқол жұмсап, қайтыс болды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - делінген баспасөз хабарламасында.
БҚО Денсаулық сақтау басқармасы бұл жағдай бойынша алдағы уақытта пікір білдіреді.
«36 жасында Рамазанов Ғалымжан Дүйсенұлы өмірден өтті. Ол кәсіби маман, жақсы адам, адал дос еді. Оның қолынан ем алғандар саны көп. Облыстық клиникалық аурухана оның ата анасы мен ұжымына қайғыра көңіл айтады», - деп жазды Облыстық клиникалық аурухана Facebook парақшасына.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!