Оралда Ресей елшілігінің қасында тұрған көлік өртеніп кетті - Оқиға|05 Қыркүйек 2018, 17:36
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Оралда Ресей елшілігінің қасында тұрған көлік өртеніп кетті

Фото: uralskweek.kz

Бүгін бір көлік өртеніп кетті, ал оның қасындағы екі көліктен шыққан өртті сөндіріп үлгерді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат uralskweek.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл жағдай Мұхит көшесіндегі №80 үйдің ауласында, Ресей Федерациясы елшілігінің қасында болды. Бәрінен де Toyota Corolla көлігі зардап шекті, оның артқы бөлігі мен іші өртеніп кеткен. Өртенген көлікті қалпына келтіру мүмкін емес.

БҚО ІІД-нің бірінші орынбасары, полковник Асылғали Мендіғалин таңғы сағат алтыда өрт шығу туралы хабар келгенін айтты.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер