Оралда балмұздақтан ішек инфекциясы табылды - Оқиға|31 Мамыр 2018, 15:39
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Оралда балмұздақтан ішек инфекциясы табылды

Фото: energolife.info

Үй жағдайында дайындалған жұмсақ балмұздақтың екі сынамасынан ішек инфекциясы табылды,деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі mgorod.kz сайтына сілтеме жасап.

Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бөлім басшысы Эльвира Тілеуованың айтуынша, Батыс Қазақстан облысында тұрғындар арасында жедел ішек инфекциясымен ауырғандар бар.

Биылғы бес айдың көрсеткіші бойынша, бұл дертпен ауырғандар қатары былтырғы жылдың осы уақытымен салыстырғанда 1,2 есе көп. Көбінесе 14 жасқа дейінгі балалардың ауырған жағдайы тіркелген, бұл 32,4 пайызға көп.

Инфекция негізі тағам арқылы жұғады. Балмұздақ – балалар арасында бұл инфекцияны жұқтыру тәуекелі көп тағам.

«Жоспардан тыс тексеріс нәтижесінде жұмсақ балмұздақ сататын 17 нысан тексерілді. Соның нәтижесінде үй жағдайында дайындалған балмұздақтың екі сынамасынан ішек инфекциясы табылды. Осыған қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, материалдар БҚО экономикалық сотына қарауға жіберілді», - дейді Эльвира Тілеуова.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер