Оралда жеке баспанада өрт шығып, оқиға орнынан әйел адамның сүйегі табылды - Оқиға|31 Шілде 2012, 10:48
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Оралда жеке баспанада өрт шығып, оқиға орнынан әйел адамның сүйегі табылды

 Оралда жеке баспаналардың бірінде өрт шығып, әйел адамның денесі табылды, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметі.

   «Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы Мусин көшесі бойындағы №22 жеке тұрғын үйде ағымдағы жылдың 30 шілдесінде сағат 14. 30 мин өрт шықты. Оның аумағы 60 шаршы метрді құрады. Оқиға орнынан 1975 жылы туған Свинина Н деген азаматшаның денесі табылды», деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.
  Өрт сағат 15. 13 мин ауыздықталып, сағат 16. 15 мин. сөндірілген. Тілсіз жаумен күреске ТЖМ Батыс Қазақстан облыстық ТЖД өрт сөндіру қызметі жеке құрамының 11 маманы мен 3 техникасы жұмылдырылды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер