Оралда атыс болып, екі адам жарақаттанды - Оқиға|30 Шілде 2012, 13:20
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Оралда атыс болып, екі адам жарақаттанды

Қаладағы «Дания» дүкенінде 27 шілде күні кешкісін екі топ арасында талас-тартыс орын алды. 

Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, жанжал барысына 1984 жылғы ер адам, Орал қаласының тұрғыны травматикалық пистолеттен төрт мәрте оқ атқан. Соның салдарынан Зеленов ауданы Достық ауылының 1984 және 1982 жылғы тұрғындары кеуде тұсынан жарақат алып, облыстық аурухананың жарақат бөліміне түскен. Оларға алғашқы медициналық жәрдем көрсетіліп, үйлеріне жіберілген.
Травматикалық пистолет алынып, тергеуалды тексеру жүргізілуде. Қылмыстық іс қозғау мәселесі де шешілетін болады.
Автор: Елжан Ералы 

ҚазАқпарат


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер