Оңтүстік Қазақстанда жер сілкінді - Оқиға|22 Тамыз 2012, 16:19
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Оңтүстік Қазақстанда жер сілкінді

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысында 4,3 магнитудалық жер сілкінісі тіркелді.

«Жердің дүмпуін Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы есепке алған» деп хабарлайды «Новости-Казахстан» ақпарат агенттігі. Жер сілкінісі 1 шақырым тереңдікте сағат 13.57-де болды.

Жерасты дүмпуінің ошағы ОҚО, Шардара ауылының солтүстік-батысына қарай 7 шақырым жерде тіркелді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер