ОҚО-ның Сарыағаш ауданында бірнеше үйді, 25 қора-қопсыны су басты - Оқиға|13 Қаңтар 2013, 00:22
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

ОҚО-ның Сарыағаш ауданында бірнеше үйді, 25 қора-қопсыны су басты

ШЫМКЕНТ. 13 қаңтар. BAQ.kz -  Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданының екі елді мекенінде ағынды су мен жауыннан 20-дан астам ауланы су басып қалды, бірнеше үйге зақым келген. Бұл жөнінде ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

«2013 жылғы 12 қаңтардағы сағат 13:00-дегі жағдай бойынша, қардың еруі мен нөсер жауын-шашынның салдарынан Оңтүстік Қапзақстан облысы Сарыағаш ауданының Жылға елді мекенінде 2 үй мен 20 ауланы су басып қалды, дәл осы аудандағы Қарақалпақ елді мекенінде 2 үй қирап, тағы 2 үй мен 5 аула су астында қалды», – делінген хабарламада. 
 
Ведомствода мәлім еткендей, қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. 
 
ТЖ орныдағы жұмыстарға облыстық ТЖ Департаментінің жеке құрамынан 123 адам, 11 дана техника, 5 қайық, 9 мотопомпа жұмсалды. Сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдардан 40 адам және 1 дана техника жұмылдырылды. 
 
Орын алған төтенше жағдаймен күресу мақсатында мемлекеттік органдар кешенді шаралар қабылдауда. ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінде шұғыл отырыс өтті. Төтенше жағдайлар жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссия жедел штаб жинады. 
 
Отырыста қосымша техника бөлу, байланыс жүйесін, энергиямен жабдықтауды қалпына келтіру, жолдарды тазарту, жолдарды жабу бойынша шараларды қатаңдату, қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша тапсырмалар берілді. Сондай-ақ, адамдарды ТЖ орнынан қауіпсіз жерге көшіру мәселесі де талқыланды. 
 
Қазіргі уақытта Жамбыл облысындағы ТЖ орнына жылдамдығы жоғары техникамен Республикалық жедел құтқару жасағының құтқарушылары, Азаматық қорғаныс полкі, өзге е мемлекеттік органдардың бригадалары бағытталды, техника жұмылдырылды, ҚР ТЖМ авиациясы жоғары дайындықта тұр. 
 
Хабарланғандай, ТЖ орындарында байланыс жоқ.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер